"Өркен" балабақшасына қош келдіңіз!

Ақтөбе қаласы, Ғазиза Жұбанова көшесі 17 үй
Біз туралы
"Өркен" балабақшасы 2022 жылдың 15 желтоқсан айында қызметтің басталуы туралы хабарламаны алғаннан кейін өз жұмысын бастаған.

Балабақшаның басты мақсаты – адамгершілік қасиеттерді дамытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ету.
Үйірмелер
  • Интеллектум
    Интеллектум - балалар мен ересектерге арналған зияткерлік (интеллектуалдық) дамыту бағдарламалары мен ойындарын ұсынатын әдістеме. Ол логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, зейінді және шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған.
    1
  • Құм терапиясы
    Бұл әдіс – баланың эмоционалдық, психологиялық және шығармашылық дамуына көмектесетін ерекше әдіс. Ол құммен жұмыс жасау арқылы ішкі сезімдерді білдіруге және стрессті жеңілдетуге бағытталған.
    2
  • Хореография
    Хореография – бұл би өнерін жасау және қою әдісі, яғни түрлі би қимылдары мен композицияларын үйлестіру. Ол баланың физикалық, эмоционалдық және шығармашылық дамуына ықпал етеді.
    3
  • Футбол
    Футбол жаттығулары - денсаулықты нығайтып, олардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Балалар футболы ойын түрінде өткізіліп, техникалық және тактикалық дағдыларды дамытуға бағытталады.
    Футбол – тек спорт емес, ол достық пен ынтымақтастықтың символы!
    4
  • Логопед
    Логопед – дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, тілдік дамуды жақсартуға бағытталған түзету жұмыстарын жүргізеді.Логопедтің көмегі баланың сөйлеуін жақсартып, оның өзін-өзі сенімді сезінуіне ықпал етеді.
    5
  • Музыка
    Музыка – баланың жан-жақты дамуын, ақыл-ойын, эмоциясын, шығармашылық қабілетін және әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді.адамның жан дүниесін байытатын және өмірін жарқын ететін ерекше өнер!
    6
Ас мәзірі
Біздің мәзір балалар диетологтарының ұсыныстарын ескере отырып және мектеп жасына дейінгі балалардың тамақтану нормаларына сәйкес жасалған.
Толығырақ төмендегі сілтемені басу арқылы таныса аласыздар.
Мәзір
Мемлекеттік аттестация
Жиі қойылатын сұрақтар
Біз сіздермен үнемі байланыстамыз!
Кеңес аламын
WhatsApp
Made on
Tilda